НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
КҮНІН, УАҚЫТЫН ЖӘНЕ СЕАНСТЫ МҰҚИЯТ ТЕКСЕРІҢІЗ!
"ОНЛАЙН" САТЫП АЛЫНҒАН БИЛЕТТЕР АУЫСТЫРЫЛМАЙДЫ!!!
Тапсырыс беруші жеке деректерді (тегі, аты, электрондық пошта мекенжайы, телефон нөмірі және т.б.) ұсынуға толық жауапты. Көрсетілген деректер төлем жасалған сәтке дейін тексерілуі тиіс!
1. Киноға билеттерді онлайн сатып алу киноға келетін күні ғана сағат 11:00-ден басталады.
2. Киноға билеттер сатып алу кезінде "балалар", "ересектер" және «VIP». тарифтерін қолдана аласыз.
3. Құны төленгеннен кейін және кинотеатрдан электронды поштаңызға билеттің QR-коды бар хабарлама келіптүскеннен кейін билет сатып алынған болып саналады.
4. Киносеанс басталған сәттен бастап кинотеатр қызметі көрсетілген болып есептеледі және пайдаланылмаған билеттің құны қайтарылмайды.
5. Билеттің құнын қайтару үшін келесі қадамдарды орындау қажет:
1. Ресми сайтқа өтіңіз: https://galaktika.itgk.kz/
2. "Билетті қайтару" түймесін басыңыз.
3. Қажетті деректерді толтырыңыз және қайтару шарттарымен танысыңыз.
4. "Билеттерді тексеру" түймесін басыңыз. Жүйе қайтаруға болатын билеттерді көрсетеді.
5. Қайтаруды талап ететін билеттерді таңдаңыз (ішінара немесе толық қайтару мүмкін).
6. Қайтарылатын соманы қарап шығыңыз және "растау"түймесін басыңыз.
7. Сіз көрсеткен электрондық пошта мекенжайына қайтаруды растау коды бар хат жіберіледі.
8. Процесті аяқтау үшін алынған кодты сайттағы тиісті өріске енгізіңіз.
Назар аударыңыз: ақшаны қайтару 3-7 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
6. Кинотеатр өткізбеген/жойған киносеанстар үшін билеттер жеткізушінің кінәсінен қайтарылған жағдайда билет құнын 100% қайтару жүзеге асырылады.
7. Сатып алушының бастамасы бойынша билеттер сеанс басталғанға дейін кемінде 5 сағат бұрын қайтарылған жағдайда билет құнын 100% қайтару жүзеге асырылады.
8. Сатып алушының бастамасы бойынша билеттер сеанс басталғанға дейін 5 сағаттан аз уақыт бұрын қайтарылған жағдайда, билет құнының 50% мөлшерінде сервистік алым ұсталады.
9. Сатып алушының бастамасы бойынша билеттер сеанс басталғанға дейін 1 сағаттан аз уақыт бұрын қайтарылған жағдайда билет құнын қайтару жүзеге асырылмайды
10. Билеттер "Балалар" тарифі бойынша сатып алынған болса баланың (14 жасқа дейінгі балалар үшін) жасын растайтын құжаттар (туу туралы куәліктің түпнұсқасы немесе көшірмесі) болуы керек және кинозалға кірерде оларды тексерушіге көрсету қажет. 14 жасқа дейінгі баланың жасын растайтын құжаттар болмаған жағдайда, Кинотеатр осы тариф бойынша сатып алынған билеттердің күшін жойып, ағымдағы тариф бойынша айырманы қосымша төлеуді ұсынуға немесе 50% мөлшерінде Сервистік Алымды ұстай отырып, сатып алушыға төленген соманы қайтаруға құқылы.
11. Жас бойынша шектеу қойылған фильмдерге билет сатып алған кезде, Сатып алушы шектеуде көрсетілген жасқа толмаған болса немесе кәмелетке толмаған жасөспірім 22:00-ден кейін аяқталатын сеансқа Билет сатып алған болса және кинозалға кірерде тексеруші осы фактіні анықтаған жағдайда, Кинотеатр «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» ҚР Заңының 39-бабының 1-тармағы және ҚР ӘҚБтК 442-бабы «Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғынжайдан тыс жерде болуы» негізінде кіргізуден бас тартуға міндетті. Жас бойынша шектеу қойылғаны туралы ақпарат сайтта фильмнің сипаттамасында және билет сатып алу қағидаларында көрсетілгендіктен, Кинотеатр сатып алынған билеттердің құнын қайтармастан билеттердің күшін жоюға құқылы.
12. Киноға билетті онлайн сатып алу арқылы сіз осы брондау ережелерімен келісетіндігіңізді растайсыз.
13. Реквизиты:
| ИП Беркалиева А.З. |
|---|
| ИИН 770309402160 |
| Талон о гос. регистрации № KZ81ТWQ02606530 от 10.01.2023 |
| АО "Kaspi Bank" Б И К |
| CASPKZKA |
| KZ74722S000012904845 |
| Юр.адрес : г.Уральск, пр.Абая 61/1 |
14. Назар аударыңыз! Кинотеатрға билет сатып алу және төлем жасау кезінде бронь құнының 3,5%-ы мөлшерінде сервис ақысы ұсталады. Бұл төлемді «FreedomPay» төлем операторы ұстайды. Қаражатты қайтару жағдайында комиссия қайтарылмайды, себебі ол төлем операциясын жүргізу үшін алынған ақы болып табылады. Біз бұл комиссияның алушысы емеспіз және оның мөлшеріне әсер етпейміз — ол «FreedomPay» операторымен белгіленеді. Сервис ақысының сомасы төлем жасалғанға дейін тапсырысты рәсімдеу бетінде көрсетіледі, сондықтан сіз төлемнің толық шарттарымен алдын ала таныса аласыз.